Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдан тұрғын үйлерді су басты

Жағдайға мониторинг жалғасуда

 Халық үні 15.07.2024 | 23:55
Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдан тұрғын үйлерді су басты
фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ мәліметінше, 15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды. 

ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтардан су сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр. Жағдайға мониторинг жалғасуда, делінген хабарламада.

Бұл іске ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама