×

Алматылық оқушылар халықаралық чемпионатта екі жүлдені жеңіп алды

Жарысқа 11 елден барлығы 400-ге жуық бала қатысты

 Динара Амантай 15.07.2024 | 17:55
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Алматылық оқушылар Аустралияда робототехникадан өткен чемпионатта екі жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстанның «Sana Team» құрамасы FIRST Tech Challenge категориясы бойынша Asia Pacific Open Championship халықаралық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Еліміздің атынан «Білім-инновация» лицейі мен Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушылары: Дарын Смайыл, Арнар Дәулетқұл, Әділ Тұрсынғали, Аббас Пахридин, Осман Акипбек, Асылхан Ыбырай, Ілияс Әшіралин, Алдияр Дәулетұлы, Жанайым Сабыржан, Ғазиза Кунгожина қатысты.

Жарысқа 11 елден барлығы 400-ге жуық бала қатысты. Финалдық кездесуде қазақстандық мектеп оқушылары БАӘ командасымен одақтасып, жеңіске жету үшін күресті. Екі күннің қорытындысы бойынша оқушылар екі марапатқа ие болды: Finalist Alliance Captain және «Motivate Award» номинациясында бірінші орын.

Алғашқы екі күнде біз жеңіліссіз алға шықтық. Ойынның соңғы күні қиынырақ болды, бірақ финалға өттік. Біз робот ойынында жақсы өнер көрсетіп қана қоймай, қазылар алқасының алдында өз портфолиомызды қорғай алғанымызға өте қуаныштымыз, – деді команда капитаны Дарын Смаил.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама