Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Жамбыл облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген әйелді ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 43 жастағы қырғызстандық әйелді ұстады. Әйел 2023 жылдың қарашасынан бастап Өзбекстан Республикасы қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігінде («Ұрлық») көзделген қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған. Ол Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдар ұрлаған.
Сонымен бірге біздің елдің аумағында Қордай ауданындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Әйел Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ қызметкерлеріне беріледі.