×

Президент Геннадий Головкинді қабылдады

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Париж олимпиадасына әзірлік жөнінде мәлімет берді

 Динара Амантай 15.07.2024 | 16:00
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді.

Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық олимпиада комитетімен, Азия олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр.

Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама