×

Маңғыстауда жеке меншікке заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды

Аталмыш учаскенің кадастрлық құны – 3,1 млрд теңге

 Динара Амантай 15.07.2024 | 13:16
Фото: Halyq Uni

Маңғыстауда жеке меншікке заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс тексеру жүргізіп, сауықтыру кешенін салуға арналған ауданы 3 мың 457 гектар жер учаскесі жеке меншікке заңсыз берілгенін анықтады. Маңғыстау облысы Қарақия ауданының «Коса Ада» аумағында орналасқан осы учаскенің кадастрлық құны – 3,1 млрд теңге.

Аталған жерге келісім комиссияның қарауынсыз және жерге орналастыру жобасы жасалмастан рәсімделген.

Жер ресурстарын басқару комитеті аумақтық бөлімшесінің өкілдері Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жерге құқықты куәландыратын құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Сот шешімімен талап толығымен қанағаттандырылды, – делінген министрлік хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама