×

Әйелдерге арналған вагондар тағы үш бағытта қатынай бастады

Қызмет іске қосылған сәттен бастап бұл қызметті 342 мың жолаушы пайдаланған

 Динара Амантай 15.07.2024 | 10:15
Фото: Halyq Uni

ҚТЖ әйелдерге арналған вагондар санын ұлғайтып, олар жүретін жаңа бағыттарды іске қосты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұрын бұл вагондар тек 8 бағытта болса, енді олардың саны 11-ге дейін артты.

Әйелдерге арналған вагондармен жүретін пойыздар:

  • №354/353 «Астана - Семей»;
  • №24/23 «Ақтөбе - Алматы»;
  • №25/26 «Алматы - Шымкент»;
  • №77/78 «Алматы - Маңғыстау»;
  • №351/352 «Алматы - Өскемен»;
  • №45/46 «Павлодар - Түркістан»;
  • №37/38 «Маңғыстау - Семей»;
  • №47/48 «Атырау - Астана»;
  • №33/34 «Ақтөбе - Алматы-1»;
  • №4/3 «Астана - Алматы-2»;
  • №71/72 «Астана - Шымкент».

Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, бұл вагондар алғаш рет 2021 жылы әйелдердің жол жүру кезінде жайлылығын арттыру мақсатында енгізілген. Мұндай вагондардағы билеттердің бағасы қарапайым вагондардағы билеттерден ерекшеленбейді. Алайда әйелдерге арналған вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және олармен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар ғана саяхаттай алады. Бұл вагондарда тек әйел жолсеріктер жұмыс істейді.

Қызмет іске қосылған сәттен бастап, әйелдерге арналған вагондарға шамамен 342 мың әйел билет сатып алған. Бұл көрсеткіш қызметтің жолаушылар арасында сұранысы артып келе жатқанын көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама