Жер сілкінісі екі елдің шекарасында болған
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Геофизикалық зерттеулер институтының ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес 2024 жылғы 14 шілдеде сағат 04.00-де. Астана уақыты бойынша 41 мин Өскемен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 250 км жерде жер сілкінісі болды. Магнитуда 3,7 құрады, энергетикалық класс - 9,7. Тереңдігі - 13,5 шақырым.
Еске салсақ, елімізде Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Соған сәйкес, 285 сейсмикалық стансаны орнату, сондай-ақ қолда бар 70 стансаны жөндеу және жарақтандыру көзделген. Құжат еліміздің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша ауқымды шараларды іске асыруды көздейді. Олардың ішінде мониторингті айтарлықтай күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, кадрларды даярлау деңгейін арттыру және тағы басқасы бар.