Halyq Uni логотип
×

Биыл 100 мыңға жуық қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты

4 мыңнан аса адамға грант берілді

 Динара Амантай 15.07.2024 | 09:42
Биыл 100 мыңға жуық қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты
Фото: Halyq Uni

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 315,2 мың қазақстандық қатысып, 230,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 97,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, субсидияланатын жұмыс орындарына 132,9 мың адам орналастырылған. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 12,5 мың адам, жастар практикасында 9,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 90,0 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 5,1 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 175 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 15,6 мың адам жұмыспен қамтылды.

36,1 мың жұмыссыз адам еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер бойынша онлайн оқытудан өтті, оның ішінде 32,7 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 38,6 мың адам қамтылды. Оның ішінде 24,2 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 110,2 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 млн 476 мың 800 теңге) мөлшерінде 9 мыңнан астам грант және жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық, көлемі 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микронесие беру көзделген.

Биыл 4 мың 355 грант берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама