×

Бүгін Астанада тағы бір көше жабылып жатыр

Автокөлік қозғалысы іргелес көшелермен іске асады

 Халық үні 15.07.2024 | 07:49
фото: arbatmedia.kz

Астана қаласының әкімдігі жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылатынын ескертті.

Нақты айтқанда, қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Келешек тұйық көшесінің Нұрғиса Тілендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 15 шілдеде сағат 07:00-ден 16 шілдеде сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы іргелес көшелермен іске асады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама