×

Алматы-Екатеринбург тасжолындағы апаттан 5 адам қаза тапты (ВИДЕО)

11 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді

 Халық үні 14.07.2024 | 19:17
фото: видеодан скриншот

Бүгін сағат 12:00 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде автобус пен Toyota Estima көлігі соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Toyota Estima көлігінің 4 жолаушысы мен автобустың 1 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 11 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерін сақ болуға және жылдамдықты шектен асырмауға шақырады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама