×

Iphone-да енді қазақ тілі де болады

Министрдің пікірінше, қазақ тілін әлем мойындап жатыр

 Дәурен Ерболат 07.06.2022 | 15:13
Фото: global.techradar.com

iPhone-ның операциялық жүйесі iOS-қа қазақ тілі қосылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Бүгін Apple әлем күткен жаңашылдықты жария етті. Біздің ел үшін бұл презентация аса маңызды. Себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне автотүзету функциясымен қазақ тілі қосылды. 2019 жылы ресми тізімге енгізілсе, енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды. Бұл – қазақтілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Apple cайтының мәліметінше, ұялы телефонның операциялық жүйесі толық жаңарған.

iOS 16 операциялық жүйесі жаңа тілдермен толықты. Онда қазақ және болгар тілдері бар, - деп жазылған хабарламада. 

Осылайша, iPhone-да қазақша мәтінді теру кезінде автокоррекциялау функциясы іске қосылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама