Halyq Uni логотип
×

Атырауда төрт жасар бала кәріз құдығына құлап, мерт болды

Балабақша директоры мен тәрбиешісі ұсталды

 Халық үні 14.07.2024 | 00:38
Атырауда төрт жасар бала кәріз құдығына құлап, мерт болды
фото: gov.kz

Атырау қаласындағы «Чебурашка» балабақшасында төрт жасар бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды, деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы. 

Прокуратураның мәліметінше, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, абайсызда баланың өліміне әкеп соқтыру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сол күні Атырау қаласы прокуратурасының нұсқауымен балабақша директоры мен тәрбиешісі ұсталып, Атырау қаласының ПБ-ның УҰИ-на оқшауландырылды. 12 шілде күні сотпен оларға қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген хабарламада. 

Балалардың құқықтарын қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты болып табылады.

Балалардың құқықтарын бұзу фактілері, оның ішінде оларға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілері ерекше бақылауда

Серіктес жаңалықтары

Сараптама