Шымкентте алты баланы асырап алған «емшінің» әйелі тергеліп жатыр
Шымкентте асырап алған балаларын қинаған жергілікті емші ісіне сот нүкте қойған болатын. Бүгінде оның әйелі тергеліп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Басылымының хабарлауынша, 6 баланы қорлаған Смановтың әйелінің үстінен Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша іс қозғалған. Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.
Аталған факт бойынша жергілікті тұрғынның әйеліне қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген қалалық полиция мәліметінде.