Бес адам көз жұмды: Жамбыл облысында қайғылы жағдай болды

Халық үні

Тағы бесеуі ауруханаға жатқызылды.

көрнекі фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында жол апатынан бес адам қаза тапты. 

Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тасжолында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы бесеуі ауруханаға жатқызылды.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл облысы полиция департаменті тиісті жедел-тергеу шаралары жүріп жатқанын хабарлады. 

Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.