Оның ішінде бейнежазбаны тексеруден соң 47 адамның ереже бұзғаны анықталды
2024 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу кеше аяқталды. Ұлттық тестілеу орталығы оның қорытынды мәліметтерін таныстырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Республика бойынша 181 мыңнан астам талапкер (екі мүмкіндікті есепке алғанда 326 мың рет) ҰБТ тапсырды. Оның ішінде:
Ереже бұзғаны үшін 628 адамның тест нәтижесі жойылды. Атап өтсек:
Биыл 65 мыңнан астам апелляциялық өтініш түсті. Апелляцияны қарастыратын комиссия жұмысын 13-14 шілде аяқтайды. Содан кейін талапкерлердің сертификаттары Жеке кабинетте қолжетімді болады.
Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеу кезеңінде электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 300 мыңға жуық өтініш өңделді.
2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда оқуға түсушінің Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері жойылады.
Атап өтсек, бүгін білім гранты конкурсына құжат қабылдана бастады.