×

Голливуд жұлдызы Астанаға келді (ВИДЕО)

«Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарының үміткері елордада жүр

 Қымбат Елтайқызы 13.07.2024 | 12:59
фото: Голос народа

Танымал америкалық актер Эрик Робертс (Джулия Робертстің ағасы) Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен танысу үшін Астанаға арнайы ұшып келді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық спорт қауымдастығы шетелдік мейманның осы сапарын ұйымдастырып, Голливуд жұлдызын елорда әуежайында күтіп алды. Қазір америкалық актер қала көшелерін аралап жүр, деп мәлімдеді «Голос народа».

Танымал шетелдік қонақ бүгін Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының таныстырылымына қатысады деп жоспарланып отыр.

Эрик Энтони Робертс – америкалық кино және телевизия актері, «Оскар» мен «Алтын глобус» сыйлықтарының үміткері. Ол 700-ден астам фильм мен телехикаяға түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама