«Риддердің экс-әкімі ұсталды». ШҚО әкімдігі түсінік берді
Ол үш ай бұрын қызметінен кетіпті
Елімізде Шығыс Қазақстанға қарасты Риддер қаласы әкімінің құрықталғаны жайлы мәлімет тарады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
БАҚ сауалдарына жауап бере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде құқық қорғау органдарының азамат Д.Батырбаевты ұстағандығы туралы ақпарат жоқ екенін хабарлаймыз, деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аталмыш азамат 3 ай бұрын Риддер қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кеткенін еске саламыз. Яғни, 2024 жылдың сәуір айынан бастап Д.Батырбаев жергілікті атқарушы органда жұмыс істемейді, мемлекеттік қызметкер болып саналмайды, – деп толықтырды әкімдік.
Сондай-ақ, баспасөз қызметі Риддер қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қандай да бір қылмыстық іс тіркелмегенін қосымша мәлімдеді.