Үш күндік ауа райы болжамы: жауын-шашын әлі де сақталады
Найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады және жел күшейеді
«Қазгидромет» 13-15 шілдеге жасалған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді.
Өткінші жаңбыр жауады. Тек еліміздің солтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр, - деп жазылған хабарламада.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында және солтүстік-батысында, 13 шілдеде батысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады және жел күшейеді деп болжанған.
Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +20+35°С-қа дейін төмендеуі мүмкін, қалған аумақтарда күрт өзгеріс болмайды.