×

Астанада рұқсат етілмеген 100-ден астам қоқыс үйінділері жойылды

Жыл басынан бері олардан 90 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды

 Халық үні 12.07.2024 | 19:00
фото: дереккөз

Елордада стихиялық полигондармен күрес тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері қаланың 5 ауданында 90 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың әрбір ауданында күн сайын рұқсат етілмеген полигондардың болуына мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері қала және оған іргелес аумақ бойынша 100-ден астам учаске жойылып, 90 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Атап айтқанда:

  • Алматы ауданы бойынша 61 учаске жойылып, 23,5 мың тонна қоқыс (3 357 рейс);
  • Байқоңыр ауданында 4 учаске жойылып, 5 461 тонна қоқыс;
  • Есіл ауданы бойынша 12 нүкте жойылып, 12,6 мың тонна қоқыс;
  • Сарыарқа ауданы бойынша 22 стихиялық қоқыс орны пысықталып, 18 мың тонна қоқыс;
  • Нұра ауданынан жойылған 4 нүктеден 27 мың тонна қоқыс шығарылды.

Жалпы, Астанада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен қоқыс жинауға арналған қалалық ҚТҚ полигонының жанында уақытша алаң белгіленген. Ол Алаш, 64 тасжолында орналасқан.

Күн сайын iKomek арқылы құрылыс алаңдарынан қоқыс шығару және орынсыз жерге қоқыс түсіру фактілері белгіленеді. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Жыл басынан бері 161 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, 5 млн 200 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Заңсыз полигондарды жою жұмыстары жалғасып жатыр. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Еске сала кетсек, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар іске асырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама