×

Алаяқтыққа қарсы пилоттық жоба іске қосылды

Бір жылда нотариустар мен сот орындаушыларының үстінен 40 мыңнан астам шағым түскен

 Динара Амантай 12.07.2024 | 17:12
Фото: Halyq Uni

Алаяқтық әрекеттермен күресу мақсатында Әділет министрлігі 1414-тен СМС және EGov-mobile push-хабарламалар арқылы азаматтарды хабардар ету бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұрын нотариустар мен сот орындаушылары азаматтарды тапсырыс хат арқылы хабардар етсе, енді олар электрондық хабарламаларды сенімді байланыс арналары арқылы жібереді.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өткен жылы әділет органдарына нотариустар мен сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты 40 мыңнан астам шағым түскен. Көптеген шағымданушылар нотариустардың атқарушылық жазбаларды шығарғаны туралы білмегенін, тек қандай да бір тыйымдар мен шектеулер салынғаннан кейін ғана білгенін хабарлады.

Енді азаматтарға атқарушылық іс туралы және нотариус немесе сот орындаушысы туралы егжей-тегжейлі ақпараттар 1414-тен СМС-хабарламалар және EGov-mobile-дан push-хабарламалар арқылы уақтылы келіп отырады, – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама