ШҚО-да жанып жатқан үйден 2 бала құтқарылды
Өрттің себебі анықталып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында жанып жатқан үйден 2 бала құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Самар ауданы Самар ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққан. ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Данияр Бақырғалов пен 32-ӨСБ жүргізушісі Айбек Садықтың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында терезе арқылы 2011 жылы және 2021 жылы туған екі бала құтқарылды.
Өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.