×

Қытай Қазақстанды қолдайды

ҚХР ынтымақтастықты нығайтуға дайын

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2022 | 14:05
фото: ашық дереккөз

Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қазақстанның Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізуге арналған референдум туралы пікір білдірді.

Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер ведомствосы хабарлады.

Қытай Қазақстанды конституциялық референдумнің сәтті өтуімен құттықтайды. Тату көрші және мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде Қытай Қазақстанның өз жағдайына сай даму жолын ұстануын табанды түрде қолдайды. Президент Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан халқының «Жаңа Қазақстанды» құру жолында бұдан да зор жетістіктерге жетініне сенеді. Қытай екі ел халқын игілікке жеткізіп, қарым-қатынасты үздіксіз дамытуға Қазақстанмен күш біріктіруге дайын, - деді ол.

Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады.

1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Содан бері екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

25 мамырда оқушылардың бір тобы Оқу-ағарту министрлігінің рұқсатынсыз Қырымға барған еді
06.06.2023 | 16:55

Қостанай облысында жол апатынан ер адам мен баласы қаза тапты (ВИДЕО)

Тағы 3 жолаушы ауруханаға жатқызылды
06.06.2023 | 16:48

Әскери мектептегі әлімжеттік: Қорғаныс министрлігі түсінік берді (ВИДЕО)

Ведомство мамандары бейнежазбаны тексерген
06.06.2023 | 16:35