100-ден астам азамат медициналық сараптамаға жіберілмеген
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы денсаулық сақтау саласына талдау жүргізіп, қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқығы мен мүддесінің өрескел бұзылуын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы келе отырып, мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген.
Қадағалау органының актісі бойынша азаматтарға мүгедектік белгіленді. Бұл оларға әлеуметтік қолдаудың барлық құқығын пайдалануға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді.
Аталған бұзушылықтар үшін 2 лауазымды азамат жауапкершілікке тартылды.