Halyq Uni логотип
×

Бурабай әкімдігі ауданда не себепті әскерилер жүргенін түсіндірді

Әкімдік тұрғындарды жалған ақпарат таратпауға шақырды 

 Халық үні 12.07.2024 | 10:43
Бурабай әкімдігі ауданда не себепті әскерилер жүргенін түсіндірді
фото: Бурабай ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігіні тұрғындарға үндеу жасап, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әкімдік Қазақстанның Қарулы Күштерінің жұмылдыру және жауынгерлік даярлығының 2024 жылға арналған негізгі іс-шараларының жоспар-күнтізбесін орындау үшін 5-14 шілде аралығында өңірде тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізу жоспарланғанын хабарлады. Жаттығу барысында Ақмола облысының аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген әскери міндеттілерді оқу-жаттығу әскери жиындарына шақыру жүргізу жөніндегі іс-шаралар көзделген.

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Бурабай кентінің маңында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізу шеңберінде жеке құрам бос оқтар мен имитациялық жарылыстарды қолдана отырып, практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын болады. Бөлімшенің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатын болады, – деді әкімдікте.

Сондай-ақ аталған іс-шара жабық түрде өткізілетінін ескертті.  Осыған байланысты  тұрғындардан әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери қызметшілердің қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама