×

Ақтөбеде өрттен 7 адам құтқарылды

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 12.07.2024 | 09:51
Фото: Halyq Uni

Ақтөбеде өрттен 7 адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенген.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде жойылды.

ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама