×

Wimbledon: Елена Рыбакина финалға өте алмады

Ол жартылай финалда чехиялық Барбора Крейчиковадан жеңілді

 Халық үні 12.07.2024 | 05:42
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өткен Ұлыбритания Ашық Чемпионатында (Уимблдон) жартылай финалдық матч өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Жартылай финалда Рыбакина Чехия өкілі Барбора Крейчиковаға қарсы ойнады.

Үш кезеңнен кейін қазақстандық теннисші жалпы есеппен жеңіліске ұшырады 6:3, 3:6, 4:6.

Ойын екі сағат сегіз минутқа созылды. Осы матчқа дейін теннисшілер бір-бірімен екі рет кездесіп, екеуінде де чех спортшысы басым түскен.

Үлкен дулыға турнирінің финалында Крейчикова итальяндық Жасмин Паолиниге қарсы ойнайды. Айта кетейік, Уимблдонның финалы 13 шілдеде өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама