Ағылшын тілі Украинада айрықша мәртебеге ие болады
Үкімет басшысы министрліктерге тиісті тапсырма берді

Ағылшын тілі Украинада айрықша мәртебеге ие болуы мүмкін. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина премьер-министрі Денис Шмигаль Telegram-арнасында ағылшын тілінің статусы туралы мәселе Үкіметтің отырысында қаралғанын жазды.
Қазіргі кезде Министрлер кабинеті осы бастамаға сәйкес тиісті заңнаманы дайындап жатыр. Бүгінде ағылшын тілі бүкіл өркениет әлемінің іскерлік қарым-қатынас тілі ретінде қолданылып келеді. Сондықтан оған осындай статус беру Украинадағы бизнестің дамуына, елге инвестиция тарту мен интеграциясының күшеюіне серпін береді, – деді ол.
Осыған байланысты Үкімет салалық министрліктерге ұсыныстар беріп, тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды.