Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық компания Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге 1 млрд теңге бөледі

Компания ойындарды өткізуге 1 млрд теңге бөлмек

 Ербол Тұрымбет 11.07.2024 | 13:59
Қазақстандық компания Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге 1 млрд теңге бөледі

 

5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция бас демеушімен меморандумға қол қойды. Бас демеуші болып Жамбы ату және Арқан тартыс федерациялары президентінің компаниясы танылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Аталған федерациялардың президенті Еркебұлан Ілиясовтың айтуынша, компания қаражаты ойындарды өткізуге, әуе билеттерін алып беруге, сонымен бірге, басқа да жарнама материалдарын таратуға жұмсалады.

Компаниямыздың атынан отандық ойындарымызды қолдау үшін қор аштық. Сол қор арқылы барлық көмегімізді білдіреміз. Жалпы 1 млрд теңге бөлетін болдық. Бүгін меморандумға қол қойдық, қаражат келесі апта түседі. Сөйтіп, қазірден билет алуға кірісеміз, себебі, ойындарға 1,5 ай ғана уақыт қалды, билеттер қымбаттай бастайды, – дейді ол.

Оның сөзінше, осы ойындарға жамбы атудан 15 мемлекет шақырылған. Олар 4 стиль бойынша қатысады. Ал арқан тартудан 10 мемлекет өкілдері келеді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нұровтың айтуынша, демеушілік танытуға ұсыныс өте көп ұсыныс түкен, оның ішінде букмекерлік компаниялар да бар. Бірақ букмекерлерден бас тартылған. 

Көктемгі экологиялық апаттан кейін президент ойын шығындарын ықшамдау туралы тапсырма берген еді. Соған байланысты 2 млрд теңге шамасында шығын қысқарттық. Соған қарамастан ойындарды жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігін сақтап қалдық. Ал бүгін осы компания бөлгелі отырған қаражат сол үнемдеп қалған ақшаның жартысын жауып беріп отыр, – дейді Наиль Нұров.

Оның сөзінше, бұл қаражат дайындық шараларына, еріктілер санын ұлғайтуға жұмсалады. Ол сондай-ақ, еріктілер бойынша да айтып өтті. Негізі ерікті жастардың зор қызығушылы бар екені байқалған. Олардан шамамен 5 мыңдай өтініш түскен. Ал дирекция солардың тек мыңын ғана тиісті керек-жарақпен қамтамасыз ете алған. Енді осы демеуші қаражаты арқылы тағы 1300-дей еріктіні қатарыларына қосқалы отыр.

Наиль Нұровтың айтуынша, ойындардың жалпы операциялық бюджеті 5,7 млрд теңге. 2017 жылғы Қысқы Универсиада бюджеті бұдан 5 есе, ал 2011 жылғы Қысқы Азиада ойындарынікі 20 есе көп болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама