Қостанай облысындағы шахтада жұмысшы қаза болды
Оқиғаға қатысты тергеу басталды
Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің шахтасында жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл туралы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі хабарлады. Мәліметке сәйкес, «Соколовская» шахтасында жазатайым оқиға болған. 280 метр деңгейіндегі жиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Оқиға салдарынан жұмыскер қаза тапты.
ССКӨБ АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға қатысты тергеу басталды, - делінген компания таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі - Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіретін темір кендерін өндіру және байыту жөніндегі ірі қазақстандық кәсіпорын.