Бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі осы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазастандағы жас сарбаздардың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Үкімет отырысынан шыққан вице-премьерді журналистер «Әскерде тағы қайғылы оқиға тіркелді. Бейбіт күнде неге жас қазақстандық сарбаздар өліп жатыр? Әскерде реформа жүргізуге уақыт келді деп ойлайсыз ба? Әскерге шұғыл шақыруды алып тастап, әскерде келісімшартпен қызмет етуді қалдыру керек пе?» деген сұрақтардың астына алды.
«Менің ойымша, әскерге шұғыл шақыруды алып тастау дұрыс емес. Жастар әскери борышын өтеуі тиіс. Алайда барлық мүдделі мемлекеттік органдар, бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі осы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті», - деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ ол өзінің де әскерде қызмет еткенін атап өтті.
«Мен Отардағы №25717 әскери бөлімде Отан алдындағы борышымды өтедім. Онда әртүрлі жағдай болды, әскерлердің өлімі де тіркелді. Ол кезде әскерге бару бәріне міндет болатын, бүгінде ондай міндет жоқ. Бүгінде жыл сайын тек 35 мың бала әскерге барады», - деді вице-премьер.
Сөз соңында Ералы Тоғжанов кішкентай қыздары барын, олар әскерге бармағанын жеткізді.