Ауа температурасы еліміздің солтүстігі мен шығысында +28+38°С-қа дейін жоғарылайды
«Қазгидромет» 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде атмосферадағы синоптикалық жағдайға оңтүстік циклон әсер етеді, ауа райы бұлтты болады деп болжанып отыр. Өткінші жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақытта гөсер жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді деп болжанып отыр, - деп жазылған хабарламада.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С-қа дейін, солтүстік-батыста +20+30°С-қа дейін төмендейді, ал республиканың солтүстігі мен шығысында +28+38°С-қа дейін жоғарылайды. Қалған аумақта өзгеріс болмайды.