×

ЕУРО-2024: финалға жолдаманы Англия құрамасы алып кетті

Енді олар Испания құрамасына қарсы ойнайды

 Халық үні 11.07.2024 | 06:02
фото: Michael Regan — UEFA / Contributor / UEFA / Gettyimages.ru

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалына шыққан екінші команда белгілі болды.

Еуропа чемпионатының жартылай финалы аясында Англия мен Нидерланды құрамасы жолығып, финалдың жолдамасын сарапқа салды.

Ойынның 7-минутында Нидерланды құрамасы жылдам гол соғып, есепте алға шықты. Хави Симонс нидерландықтарды алға шығарғанмен 18-минутта Харри Кейн пенальтиден есепті теңестірді.

Екінші таймның соңына қарай, 90+1-минутта Олли Уоткинс жеңіс голын соғып, Англия құрамасының екінші рет финалға шығуына көмектесті. Олар осыдан төрт жыл бұрын Еуропа чемпионатының финалында Италиядан ұтылып қалған еді.

Енді Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Францияны ұтқан Испания құрамасына қарсы ойнайды. Финалдық матч 14 шілдеде өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама