×

Шымкентте зубр төлдеді

Бұл – әлемдегі тарихи жағдайлардың бірі

 Халық үні 10.07.2024 | 21:41
фото: Шымкент мемлекеттік зообағы

Шымкент хайуанаттар бағындағы ерекше жануардың бірі, қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы сиыр төлдеді.

Бұл – әлемдегі тарихи жағдайлардың бірі. Себебі ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Еуропадағы табиғи және антропогендік жағдайлардың әсерінен зубр саны 30 бас қана болды. Соңғы есеп бойынша, 2023 жылы олардың саны 10 мыңнан асқан. Оның 3 мыңға жуығы қорықтар мен зоосаябақтарда тіршілік етеді, - деп хабарлады Шымкент мемлекеттік хайуанаттар бағының өкілдері.

Зубр – Еуропадағы ең ірі тұяқты жануар. Олардың денесінің ұзындығы 3,5 метрге дейін жетеді, ал биіктігі 2 метрден асады, салмағы 1 тоннаға баруы мүмкін.

Қазір зубр бұзауының жағдайы жақсы. Ветеринарлық дәрігерлер мен биологтардың күнделікті бақылауында. Зообақ көрермендеріне зубр бұзауын көруге мүмкіндік бар. Ол жаңбырды қатты ұнатады және шеңбер жасап айналғанды жақсы көреді, - дейді хайуанаттар бағының мамандары.

Қазір олар зубрдың бұзауына қоятын жаңа ат ойластырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама