×

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады

Бұл айда кәсіби және басқа да мерекелер бар

 Халық үні 10.07.2024 | 20:55
фото: fromprc.ru

Қазақстандықтардың 2024 жылдың тамыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды.

Тамыз айында мемлекеттік мерекелерден 30 тамыз – Конституция күні тойланады. Ал биыл 30 тамыз жұма күніне сәйкес келіп тұр.

2024 жылы Конституция күніне арналған демалыс күндері:

  • бес күндік жұмыс аптасы үшін 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күндері;
  • алты күндік жұмыс аптасы үшін 30 тамыз демалыс күні, 31 тамыз жұмыс күні, 1 қыркүйек демалыс күні.

Сонымен қатар бұл айда кәсіби және басқа да мерекелер бар.

Олар:

  • 4 тамыз (тамыз айының бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні;
  • 10 тамыз – Абай күні;
  • 11 тамыз (тамыз айының екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні;
  • 18 тамыз – Шекарашылар күні;
  • 25 тамыз (тамыз айының соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні;
  • 29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылатын күні.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама