Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 27,7 мың теңге айыппұл өндірілді
Түркістан облысының мемлекеттік мекемелерінде 1,3 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыс әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі мәдениет және туризм басқармасы мен Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, сондай-ақ Түркістан облысының білім басқармасының «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынынің қызметіне тексеру жүргізді.
Аудиторлық іс-шара жалпы 21 млрд 949 млн 308 мың теңгені қамтыды. Нәтижесінде 1 млрд 332 млн 531,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде рәсімдік бұзушылықтар – 1 млн 255 млн 512,7 мың теңге, бюджетке өтелетін қаржылық бұзушылықтар 77 млн 18 мың теңге болды. Оның 8 млн 134 мың теңгесі бюджетке қайтарылған. Сонымен қатар, әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 27,7 мың теңге айыппұл өндірілген.
Аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтардың себептерін жоюға бағытталған, аудит объектінің қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар аудит объектісіне және бағдарлама әкімшісіне жолданды.