×

Латвияда ресейлік арналарға тыйым салынды

Бұл шешім 9 маусымнан бастап күшіне енеді

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2022 | 13:02
фото: delfi.lt

Латвияда Электронды БАҚ жөніндегі ұлттық кеңес Ресейдің 80 телеарнасының көрсетілуіне тыйым салды. Бұл туралы Delfi.lt хабарлады.

Бұл шешім 9 маусымнан бастап күшіне енеді. Ол Ресей Украинадағы соғысты тоқтатып, Қырымды қайтарып бергенге дейін созыла береді.

Латвияның заңнама нормаларының біріне сәйкес, басқа мемлекеттің территориялық тұтастығына қауіп төндіретін елдің бағдарламалары жұмыс істей алмайтын болып шешілді.

Латвия Ресейдің «Кино24», «МирТВ», «Охота и рыбалка», «Перец» пен басқа да саясатқа қатысы жоқ арналардың көрсетілуіне тыйым салды.

Осыған дейін Балтық теңізі жағалауы елінде Еуропа одағы РФ-ға қарсы санкциялардың алтыншы пакеті шеңберінде Ресейдің Rossiya24, TV center International, RTR Planeta (кабельді, спутникті, интернет-трансляциялы) арналары желіден ажыратылып тасталатыны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

25 мамырда оқушылардың бір тобы Оқу-ағарту министрлігінің рұқсатынсыз Қырымға барған еді
06.06.2023 | 16:55

Қостанай облысында жол апатынан ер адам мен баласы қаза тапты (ВИДЕО)

Тағы 3 жолаушы ауруханаға жатқызылды
06.06.2023 | 16:48

Әскери мектептегі әлімжеттік: Қорғаныс министрлігі түсінік берді (ВИДЕО)

Ведомство мамандары бейнежазбаны тексерген
06.06.2023 | 16:35