Бұған дейін ҰҚК баспасөз қызметі Самат Әбіштің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Марат Өсіпов пен Дәулет Ерғожин ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Олардың орнына ҰҚК төрағасының орынбасары болып Бақытбек Қосжанов пен Асқар Әмірханов тағайындалды.
Еске салайық, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Сол күні осы қылмысты жасау күдігімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Қ.Мәсімов және басқа тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы лауазымына Ермек Сағымбаев тағайындалды. Ол Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.
5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Мұрат Нұртілеу тағайындалған.
7 қаңтарда ҰҚК баспасөз қызметі ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің Алматы қаласында ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.