×

Қазақстандық студенттер жасанды интеллект бойынша Сеулде білім алады

Жасанды интеллект институтына 100 грант бөлінді

 Динара Амантай 10.07.2024 | 10:10
Фото: видеодан скриншот

Енді қазақстандық студенттер жасанды интеллект бағыты бойынша Сеул ұлттық ғылым және технология университетінде білім алады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті СеулТехпен бірлесіп, LUPIC жобасы аясында жасанды интелект институын құрған.

Бүгінде Информатика, Ақпараттық жүйелер, Кибер қауіпсіздік, Компьютерлік бағдарламалау білім беру бағдарламаларына қабылдау жүріп жатыр. Бұл мақсатқа 100 грант бөлінген.

Бұл өз кезегінде біздің білім алушыларымызға Сеул ұлттық технологиялар университетінің ең мықты деген жасанды интеллект бағдарламаларымен мықты профессорларынан тәлім алуға мүмкіндік береді, – деді Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев.

Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға ресми сапары барысында Сеул ұлттық Ғылым және технологиялар университеті мен Қызылорда университеті арасында «Қос диплом бағдарламасы бойынша кадр даярлау туралы» келісімге қол қойылды. Енді келер жылдан бастап, қосдипломды бағдарлама іске қосылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама