Тек республиканың солтүстігінде жауын-шашын жаумайды
10 шілдеде ауа райына байланысты ел аумағының басым бөлігінде ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыста, шығыста, ал оңтүстік-шығыстағы тауларда қатты жаңбыр жауады.
Тек республиканың солтүстігінде жауын-шашын жаумайды, республиканың солтүстігінде және шығысында түнде тұман түседі.
Күндіз Атырау мен Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облысының батысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облыстарының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, Атыраудың орталығында, Батыс Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбенің батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облыстарының шеткі шығысында өрт қаупі сақталады.
Астанада 10 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, найзағайдың екпіні – 15 м/с. Ауа температурасы түнде – 17-19, күндіз – 29-31 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 34-36 градус жылы болады деп болжанды.