Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында 8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жер ресурстарын басқару комитеті арнай тексеру жүргізді

 Динара Амантай 09.07.2024 | 12:58
Алматы облысында 8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында 8 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысындағы жерлерді үйлестіруге қатысты тексеру жүргізді. Оның барысында жалпы көлемі 8 мың гектар жайылымдық жер учаскелерінің заңсыз берілгені анықталды. Оның ішінде 6 мың гектар Жамбыл, 2 мың гектар Балқаш ауданына тиесілі. Жер учаскелері Жер кодексінің 43-1-бабын бұза отырып берілген.

Аумақтық департаменттің талап арызы бойынша Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесін уақытша өтей отырып пайдалану туралы үлгілік шарттар жарамсыз деп танылды, – делінген министрлік хабарламасында.

Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама