Жергілікті компанияларға басымдық берілмек
Бұдан былай мердігер компаниялар жөндеген жолдарды 7 жылға дейін өздері күтіп ұстайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Үкімет отырысы барысында Көлік министрі Марат Қарабаев жобалаушылардың, мердігерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында Халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен EPCM келісімшарты және FIDIC қағидасы енгізілгенін атап өтті. Ондағы шарттарға сәйкес мердігер компания жолды өзі жобалап, өзі салып. 7 жылға дейін бақылауда ұстайды. Бұл шарттың негізгі артықшылығы – жобалаудың және құрылыс сапасының тәуекелдерін азайтады.
Жобаларға жергілікті компанияларды тарту мақсатында министрлік тиісті ұсыныстарды әзірледі:
Аталған ұсыныстар конкурстардың негізгі талабы ретінде бекітілмек.
Бұл жергілікті компаниялардың әлеуетін, тәжірибесін арттырып, алдағы уақытта Халықаралық құрылыс компанияларымен бәсекелес болуға мүмкіндік береді, — деді көлік министрі.