Жалпы автожолдардың ұзындығы – 95 мың шақырым
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автожол саласын дамыту мәселелері қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев аталған салада қолға алынған жобалар туралы баяндама жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде жалпы автожолдардың ұзындығы – 95 мың шақырым. Оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалған 70 мың шақырымы жергілікті жолдарға жатады. Қазір республикалық жолдардың нормативтік жағдайы – 92%, ал жергілікті желінің көрсеткіші – 87%.
Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы республикалық, 4 мың шақырымы жергілікті желіге тиесілі, — деді Марат Қарабаев.
Жылдың соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады.
Жоспарға сәйкес, 1 955 шақырым болатын 4 автожол жобасында реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың 1 866 шақырымында жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысы ашылды. Жобаларды іске асыруға 35 асфальтбетон зауыты, 1 656 техника және 3,3 мың жұмысшы жұмылдырылған.
Атап айтқанда:
Жалпы осы жылдың соңына дейін бұл нысандар толығымен іске қосылады.