«Елдің көбі жазғы уақыт сәйкестігімен келіспей жатыр»: Дина Төлепберген Президентке үндеу жолдады
Танымал журналист уақыт белдеуінен мүлдем бас тартып, батыс және шығыс уақыттарын бөлек белгілеу керегін айтады.
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады.
«Менің уақыт жайлы жазбам үлкен қолдауға ие болды. Көп рахмет! Пікірге қарасам, елдің көбі жазғы уақыт сәйкестігімен келіспей жатыр, ал қысты күдікпен күтуде. Бұл әсіресе Шығыс Қазақстан тұрғындарын алаңдатады», - деген Дина Төлепберген шығыста күннің 03.21-де ататынын жазған.
Танымал журналист уақыт белдеуінен мүлдем бас тартып, батыс және шығыс уақыттарын бөлек белгілеу керегін айтады.
Осылайша журналист Тоқаев пен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшаларын белгілеп, үндеу жариялады.