×

«Жігіт болған соң серуен-сейіл болады»: Роза Әлқожа ұлы мен бауырының ұсталуына қатысты ойын айтты

Әншіге оқырмандарының бірі «Балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!» деп жазған.

 Халық үні 08.07.2024 | 21:32
Фото: Instagram/bars_qaba

Әнші Роза Әлқожа інісі мен ұлының ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Әншіге оқырмандарының бірі «Балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!» деп жазған. Роза Әлқожа бұған былай деп жауап берді.

«Қыз ұзатудан әдемі көрініс. «Сіздей алтын құрсақты ана болсын» деп ырымдап шақырады ғой. «Ата-ананың ниеті қабыл» деген, шын жүректен ізгі ниетпен ұзатып жатамыз. Пенде өзіне ғана жауап бере алады. Әркім ақылына қарай адымдайды. Бағана біреу «балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!» деп жазыпты. «Жаным, қызым - үйде, қылығы – түзде» дегендей, ешкім сыртта жүргеннің тілеуін тілегеннен басқа ештеңе істей алмайды. Жігіт болған соң, серуен-сейіл деген болады. Сосын «мойнымен көтереді». Ал жақсылыққа ниет ету, жамандықты таратпау да тәрбиеден!», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама