×

«Бүкіл әлемге танымал»: Алмас Кішкенбаев екінші рет үйленіп, ұлды болды деген қауесетке жауап берді

әнші екінші рет үйленгенін жоққа шығармады

 Халық үні 08.07.2024 | 19:28
Фото: stan.kz

Әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желіде бұған дейін тараған қауесетке қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Журналист Анна Данченко әншіден «Сіздің екінші рет үйленгеніңіз қаншалықты рас? Тағы да әке болдыңыз ба?» деп сұрады.

«Жоқ, жоқ, екі қызым ғана бар, болды. Жалған, иә, өтірік ақпарат», - деді ол.

Алайда әнші екінші рет үйленгенін жоққа шығармады, алдағы уақытта жеке өмірін жария ету «уақыттың еншісінде екенін» айтты.

«Ол адам белгілі ортада, өзінің айналасында танымал. Өзінің саласы бойынша бүкіл әлемге танымал. Осымен бұл тақырыпты жауып қояйық, болды», - деді Алмас Кішкенбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама