Оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Грузия дизайнерлері қатысты
Астанада Bozjyra Fashion Week Astana 2024 сән апталығы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, сән апталығының әр маусымында тарихта өшпес із қалдырған Ұлы дала әйелдері туралы баяндалады. Биылғы апталықтың тақырыбы Лондонды бағындырған XVI ғасырдағы қазақ ақсүйектерінен шыққан Ару Сұлтанға арналды.
Этникалық сән апталығына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Грузия дизайнерлері қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Bozjyra Fashion Week– болашақта әлемдік этникалық сәнге әсер ете алатын тұтас қауымдастық құратын түркі әлемі дизайнерлерінің бірлестігі. Сән апталығының ерекшелігі – Bozjyra Fashion Week «Жібек жолы» елдерін аралап, қазақстандық дизайнерлердің елден тыс жерлердегі жұмысын көрсетуге бағытталған көшпелі апталық.