Асыра орындалған көлемдер біртіндеп өтеледі
Энергетика министрлігі Қазақстан ОПЕК+ келісіміне бейілділігін растайтынын және ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ОПЕК+ министрліктерінің 37-ші кездесуі шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындаған. Оған сәйкес 2025 жылғы қыркүйекке дейін 1-ші жартыжылдықта асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді.
Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады, – делінген министрлік хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан бұрын қабылданған ерікті міндеттемелерін 2025 жылдың соңына дейін ұзартқан.