×

«Аңыз атамызға Алла шипа бергей»: Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

Желі қолданушылары айтыстың абызына денсаулық тіледі.

 Халық үні 07.07.2024 | 22:11
Фото: әлеуметтік желіден

Ақын, айтыстың абызы Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды. Танымал әнші Ұланғасыр Қами ақынның үйіне барып, хал-жағдайын сұрап қайтқан.

«Қазақ айтысының президенті Жүрсін Ерман атамыздың үйінде қонақ болдық. Бірі білсе, бірі білмес менің айтыстан шыққанымды», - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары айтыстың абызына денсаулық тіледі.

«Бақытжамал апаның дастарханы әрқашан жайнап тұрады. Ұлы тұлғаның жары болу да оңай емес», «Қазақ елінің тарландары жиналған екен айтыс ұйымының президенті Жүрсін ағаның жанында. Айтыс деген керемет өнер иелерінің әлемі. Жүрсін ағамыз жүз жасасын», «Аңыз атамызға Алла шипа бергей», «Үлкен адамдарды ескеріп барып тұрған дұрыс! Қартайғанда шетте, ескерусіз қалған қиын тиеді!» деп жазды олар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама