×

Түркістан облысында балабақша өртенді

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 07.07.2024 | 15:51
фото: ТЖМ

Түркістан облысында балабақша отқа оранды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Осы сәттерде ТЖМ қызметкерлері Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы бір қабатты жеке балабақша ғимараты шатырының жануын сөндіріп жатыр, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қазір оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр, деп толықтырды ведомство.

Біраз уақыттан кейін ТЖМ күштері 270 шаршы метр аумақтағы жалынды оқшаулағанын жеткізді. Зардап шеккендер жоқ, деп қосты олар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама