Шоуды 100 мыңнан астам адам тамашалады
Елорда күніне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін аспанда дрондардың бірегей шоуы ұйымдастырылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
6 шілдеде ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концертінен кейін «ASPAN» Жарық дрон-шоуы өтті.
Дрондар түнгі аспанда төмендегідей бейнелерді көрсетті:
Жер Планетасы
Қазақстан картасы
Шаңырақ
Зымыран және Сатурн
Бәйтерек
«Таза Қазақстан»
Қазақстан Туы
Жүрек және Астана
Дрондар шоуы үшін аспанға 1250 жылдамдықты радиомен басқарылатын аппарат ұшырылды, оның 70-і - пиротехникалық дрондар. Бұл - дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Барлық көрнекі әсер қазақ және шетелдік композиторлардың музыкасымен үндестірілді.